Медицина қызмеркерлерінің салалық кәсіподағы жаңа заң жобасына қарсы шықты

2 Ақпан 2024, 17:01
582
Бөлісу:
Медицина қызмеркерлерінің салалық кәсіподағы жаңа заң жобасына қарсы шықты
Фото: Видеодан кадр

«QazMed» медицина қызметкерлерінің салалық кәсіподағы денсаулық сақтау туралы заң жобасын пысықтауға жіберу керектігін айтады, деп хабарлайды BAQ.KZ. тілшісі.

Жақында Мәжіліс депутаттары ұсынған заңды дайындау барысында кәсіподақ төрағасы жұмыс тобына өздерін кіргізбегенін айтып, осыған байланысты өздерінің бірнеше ұсыныстары бар екенін жеткізді.

Заңнамада бірнеше кезең бар. Оның біріншісі кәсіби жауапкершілікті сақтандыру және дәрігерлік қателік үшін пациент қайтыс болғанда қылмыстық жауапкершілікке тарту. Біз бұл заңнаманы талқылау барысында бұған қарсылық білдіріп, медициналық және азаматтық қоғамы арасында кеңінен талқыланғанын сұраймыз, - деп атап өтті кәсіподақ ұйымының төрағасы Әліакпар Матишев.

Ал «QazMed» салалық кәсіподағының кеңесшісі Елжан Біртанов бұл заң жобасының маңыздылығын атап өтті.

Біздің кәсіподақ осы заң жобасын талқылау үшін Қазақстанның 14 өңіріндегі медицина қызметкерлерімен кездесіп, талқыладық. Осы саладағы эксперттер заң жобасы бойынша біршама ұсыныстар берген еді. Өкінішке қарай, олар енгізілмеді, - деп атап өтті ол.

Сондай-ақ оның сөзінше медициналық олқылықтардың болуының себебін анықтау керекпіз дейді.

Заңнамада міндетті сақтандыру пациенттің денсаулығына зиян келтірген жағдайда медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігі көзделеді делінген. Осындай заң жобасының талқыға түсуі, денсаулық сақтау министрлігінің, қоғамның медициналық олқылықтарсыз медицина болмайтынын мойындау болып табылады. Біз немен күресу керектігін білмейміз, - деді Біртанов.

Маман сөзінше, заң жобасы мақұлданса ақшалай өтемақы алғысы келетіндер қатары көбейеді.

Зиян ақылмен емес, тәуелсіз эксперттер комиссиясымен анықтайтын болады. Әрине 6 айдан кейін заң жобасы қабылданса ақшалай өтемақы алғысы келетіндер қатары көбейеді. Егер зиян мүгедектіксіз болған жағдайда - 1 млннан бастап, 11 млн теңгеге дейін өлімге дейінгі келтірілген зиян. Осындай өтемақы алғысы келетіндердің көптігі медицина қызметкерлерінің осындай дауларды шешуге көп уақытын бөліп, денсаулық сақтау жүйелерінің жұмысын бәсендетеді, - деп атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы