Мәжілісте Есеп комитетінің екі жаңа мүшесі тағайындалды

16 Маусым 2021, 11:01
6020
Бөлісу:
Мәжілісте Есеп комитетінің екі жаңа мүшесі тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің екі мүшесі тағайындалды.

Үміткердің екеуі де есеп комитетінің аппаратында жұмыс істеген.

Парламенттің әр палатасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің үш мүшесін қызметке тағайындайды. Сондай-ақ олардың кандидатурасын палата төрағасы ұсынады. Бүгінгі күні есеп комитетінің екі мүшесінің өкілеттік мерзімі аяқталды. Осыған байланысты екі бос орынға Рүстем Нұрпейісовтің және Юлия Энгельдің кандидатурасын ұсынып отырмын, - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Жалпы отырысқа қатысқан депутаттар да екеуін республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі ретінде тағайындау туралы қаулыны бірауыздан мақұлдады.

Рүстем Нұрпейісов 2018 жылдан бері Есеп комитеті аппараты экономиканың нақты секторына аудит жүргізу бөлімінің басшысы, мемлекеттік аудитор қызметін атқарып келді.

Юлия Энгель 2017 жылдан бастап Есеп комитеті аппаратының Жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің басшысы қызметін атқарды.


Өзгелердің жаңалығы