Мәжіліс мемлекеттік наградаларға қатысты заңды Сенатқа жолдады

17 Сәуір 2024, 12:33
207
Бөлісу:
Мәжіліс мемлекеттік наградаларға қатысты заңды Сенатқа жолдады
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс “Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы” Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы” заң жобасын мақұлдап, Сенатқа жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 15 наурызында “Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс” атты ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында “Айбын” орденінің әртүрлі дәрежелеріне Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы және Рахымжан Қошқарбаев есімдерін беру туралы идеяны білдірген болатын.

Мемлекет басшысы бұл тарихи әділеттілікті қалпына келтіру және жауынгерлеріміздің ерлігін еске алу ісіндегі тағы бір маңызды қадам болатынын атап өтті. Мұндай шешім осы наградалар арқылы біздің атақты отандастарымыздың батырлық рухын жаңғыртады және олардың иелерін Отанға жанқиярлықпен қызмет етуге шабыттандырады, - деді депутат Айгүл Құспан.

Депутаттың сөзінше, Қасым-Жомарт Кемелұлы мұндай практика көптеген елдерде патриотизм мен ұлттық бірегейлікті нығайтуға ықпал ететінін ерекше атап өтті. Ел Президентінің идеясы Парламент депутаттарының бастамасымен бүгін қаралып жатқан заң жобасында қолдау тапқаны өте маңызды.

Депутаттар заң жобасын дауысқа салып, оң шешімін шығарып, құжатқа Сенатқа жолдады.

Өзгелердің жаңалығы