Мәжбүрлеп мал бақтырған шаруа қожалығының басшысы ұсталды

3 Сәуір 2023, 12:54
793
Бөлісу:
Мәжбүрлеп мал бақтырған шаруа қожалығының басшысы ұсталды
Фото: ult.kz

Шығыс Қазақстанда еңбекті заңсыз пайдалану фактісі анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ІІМ Ұйымдасқан қылмыспен күрес департаментінің басшысы Қанат Нұрмағамбетов ведомствоның апталық баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Шығыс Қазақстан облысында еңбекті заңсыз пайдалану фактісі анықталды.

1986 жылы туған Шаруа қожалығының басшысы зорлық-зомбылық және қорқытып-үркіту арқылы 1971 жылы туған жергілікті тұрғынын 2022 жылдың желтоқсанынан 2023 жылдың наурызына дейін мәжбүрлеп жұмыс істеткен. Ер адамды үй шаруашылығында жұмыс істеп, мал баққан, - деп атап өтті департамент басшысы.

Белгілі болғандай, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Жәбірленуші адам саудасының құрбандарына арналған дағдарыс орталығына көмек көрсету үшін орналастырылды, - деді Қанат Нұрмағамбетов.

Өзгелердің жаңалығы