"Маусым ыстық болады". Қазгидромет құрғақшылық болатын өңірлерді атады

24 Мамыр 2024, 14:16
3964
Бөлісу:
"Маусым ыстық болады". Қазгидромет құрғақшылық болатын өңірлерді атады
Фото: midjourney

"Қазгидромет" мамандары маусым айында күн райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мамандардың болжамына сүйенсек, маусымда еліміздің басым бөлігінде ыстық болады. Ауа температурасы нормадан 1-2 градусқа артуы мүмкін. Дегенмен алдағы айда жауын-шашын мөлшері де жақсы деңгейде болады деп күтілуде.

Жауын-шашын оңтүстік-батыс және оңтүстік өңірлерде нормадан аз болуы мүмкін. Жауын аз түсуі мүмкін өңірлер қатарына Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстары және Ақтөбе облысының оңтүстік-батыс аумақтары кіреді, - деді инженер-агрометеролог Қамар Сәлиева.

"Қазгидромет" бірнеше өңірде құрғақшылық болатынын айтады.

Атмосфералық құрғақшылық Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында, Маңғыстау облысының Маңғыстау және Қарақия аудандарында, Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданында, Қарағанды облысының Шет ауданында болуы ықимал. Маусым айында бірқалыпты ылғалды жағдай күтіледі Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданында, Павлодар облысының Успенка ауданында және Павлодар қаласында. Елдің қалған бөлігінде ылғалдандыру жағдайлары осы ай үшін нормаға жуық болады деп күтілуде, - деді Қамар Сәлиева. 

Өзгелердің жаңалығы