Мәулен Әшімбаев: Президентіміз бен халықтың сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын

26 Қаңтар 2023, 11:37
1182
Бөлісу:
Мәулен Әшімбаев: Президентіміз бен халықтың сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын

Бұл туралы Парламент Сенатының төрағасы лауазымына қайта сайланған Мәулен Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бүгінгі палата отырысына Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев арнайы келіп қатысты. Конституцияға сәйкес, Президентіміз Сенат төрағасы қызметіне кандидатураны ұсынып, маған зор сенім білдірді. Бұл – мен үшін үлкен жауапкершілік. Сіздер Мемлекет басшысының ұсынысын қолдап, дауыс бердіңіздер. Сол үшін өздеріңізге алғысымды білдіре отырып, Президентіміздің және халықтың сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын деп сендіргім келеді, - деді Сенат спикері.

Сенат төрағасы Президент Парламенттің алдына жаңа міндеттер қойғанын еске салды.

«Жаңа Мемлекет басшысы Парламенттің алдында тұрған басты міндеттерді белгілеп берді. Президентіміз осыған қатысты біздің алдымызға нақты мақсаттар қойып отыр. Шын мәнінде атқаратын жұмыс аз емес. Әсіресе елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды заңнамалық тұрғыдан уақтылы қамтамасыз ету аса маңызды. Сондықтан Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді сапалы орындауымыз керек. Осы жолда бәріміз бірге, нәтижелі еңбек етеміз деп сенемін, - деді Мәулен Әшімбаев. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Сенаттың жаңадан сайланған және тағайындалған депутаттарының ант бергені туралы жазған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы