Мас күйінде көлік басқарған әкім жұмысынан босатылды

17 Ақпан 2022, 20:18
1312
Бөлісу:
Мас күйінде көлік басқарған әкім жұмысынан босатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында көлікті мас күйінде басқарып, көпшіліктің наразылығын тудырған Форт-Шевченко ауылының әкімі жұмысынан босатылды, деп жазды Хабар24.

Әдеп кеңесінде оның ісі қаралып, комиссия мүшелері осындай шешім қабылдады. 

Айта кетейік, 4 қаңтар күні бұрынғы шенеунікті «Ақтау - Форт-Шевченко» тас жолының 3 шақырымында келе жатқанда полицейлер тоқтатқан. Шалқыбай Әзірбаевқа жүргізілген медициналық сараптама нәтижесінде жеңіл дәрежеде мас күйде болды деген қорытынды берілген. 

Осы оқиға бойынша түсірілген видео әлеуметтік желіде де белсенді талқыланды. Көпшілік әкімнің ерсі қылығын сынап тастады. Осыған дейін экс-әкімнің ісі сотта қаралып, 15 тәулікке қамауға алу және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру туралы үкім шығарылған еді.
 

Өзгелердің жаңалығы