Мас күйінде автобус жүргізген азамат 15 тәулікке қамалды

27 Сәуір 2023, 21:51
681
Бөлісу:
Мас күйінде автобус жүргізген азамат 15 тәулікке қамалды

26 сәуірде сағат 07.00 шамасында Павлодар қаласының Қамзин – Теплов көшесінде Павлодар қаласының ПБ патрульдік полиция батальонының полицейлері ақырын жүріп келе жатқан автобусты тоқтатқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Әңгіме барысында жүргізушіден алкогольдің иісі шыққан. Медициналық куәландыру 40 жастағы жүргізушінің мас күйінде көлік жүргізгенін растады. Автобуста жолаушылар болған жоқ. Осы факті бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік материал толтырылды. Материал сотта қаралды, жүргізуші 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды, – деді Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков. 

Тәртіп сақшысы жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын автобус жүргізушілері өздері тасымалдайтын жолаушылардың қауіпсіздігі үшін үлкен жауапкершілікке ие екенін еске салды. Осыған байланысты полиция қызметкерлері автокөлік кәсіпорындарының жүргізушілері мен лауазымды тұлғаларының қауіпсіз тасымалдаудың барлық қажетті нормалары мен шарттарын сақтауына бағытталған профилактикалық іс-шараларды үнемі жүргізеді. 

26 сәуірден бастап Павлодар облысының аумағында “Автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Онда полицейлер автобустардың техникалық жай-күйін, жүргізушілердің рейс алдындағы медициналық тексерулерден өтуін, тіркеу құжаттарының болуын тексереді. Павлодар қаласының полиция басқармасы жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын ұйымдарға, кәсіпорындар мен мекемелерге автобус жүргізушілерінің қауіпсіз тасымалдауын қамтамасыз етуге ерекше назар аудару бойынша сақтық шараларын еске салады.

Өзгелердің жаңалығы