Маржықпаев Сауд Арабиясы Корольдігінің төтенше және өкілетті елшісімен кездесті

17 Қазан 2023, 13:30
783
Бөлісу:
Маржықпаев Сауд Арабиясы Корольдігінің төтенше және өкілетті елшісімен кездесті
PHOTO
Фото: ТСМ баспасөз қызметі

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Файсал Ханеф Х. Алкахтани мырзамен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТСМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, кездесу аясында туризм және спорт саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Министр Сауд Арабиясының БАҚ өкілдері, инфлюенсерлер мен туристік компаниялар үшін Сауд Арабиясының азаматтарына Қазақстан табиғатының көркем пейзаждарын өз көзімен көруге мүмкіндік беретін және екі елдің туризм саласындағы ынтымақтастығын нығайтуға жаңа серпін беретін инфотур ұйымдастыруды ұсынды.

Маржықпаев Сауд Арабиясы Корольдігінің төтенше және өкілетті елшісімен кездесті

Сондай-ақ, Ермек Маржықпаев Сауд Арабиясында 2019 жылы өткен «Көшпенділер әлемі» этнофестивалінің сәтті ұйымдастырғанын атап өтіп, Сауд Арабиясы Корольдігінің өкілдерін 2024 жылдың қыркүйегінде Қазақстанда өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысуға шақырды.

Маржықпаев Сауд Арабиясы Корольдігінің төтенше және өкілетті елшісімен кездесті

Кездесу барысында тараптар келесі жылы Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай спорт және туризм салаларында бірқатар бірлескен іс-шаралар өткізу туралы мәселелерді талқылады.

Маржықпаев Сауд Арабиясы Корольдігінің төтенше және өкілетті елшісімен кездесті

Кездесу соңында тараптар екі тараптың министрліктері арасындағы спорт саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум аясында одан әрі ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.

Өзгелердің жаңалығы