Тараз тұрғынынан бір келіден астам марихуана тәркіленді

4 Қазан 2019, 20:40
1805
Бөлісу:
Тараз тұрғынынан бір келіден астам марихуана тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жамбыл облысының полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын сатумен айналысқан 28 жастағы Тараз қаласының тұрғынын ұстады.

"Оның автокөлігін тексеру барысында бір келіден астам «кептірілген марихуана» есірткі заты анықталып, тәркіленді. Күдікті кінәсін мойындап, Тараз қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Қазір Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Өзгелердің жаңалығы