Мақтаарал ауданында мақта талшығын өндіретін зауыт іске қосылады

29 Сәуір 2022, 20:46
3096
Бөлісу:
Мақтаарал ауданында мақта талшығын өндіретін зауыт іске қосылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Мақтаарал ауданында жалпы құны 3,6 млрд теңгені құрайтын 3 жоба іске қосылмақ.

Олар: «Huayi International Cotton Co» ЖШС-ң мақта талшығын өндіру зауыты, «EL-KZ 2020» ЖШС бетон өнімдерін өндіру зауыты және «Мырзашөл құс» ЖШС құс фабрикасы. Аталған кәсіпорындарда 267 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда. Бұл туралы бүгінгі брифингте Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов мәлімдеді.

Өткен жылы аудан аумағында «Еңбек нәтижелі жұмыспен қамтуды және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» аясында қоғамдық жұмыс орындарына 2 319 адам, жастар практикасы жобасына 604 адам, әлеуметтік жұмыс 830 орындарына адам орналасты. Оның ішінде 980 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Өңірдің 563 тұрғыны жаңа идеяларды іске асыруға арналған грантты жеңіп алып, кәсіпкерлік негізде өзін-өзі жұмыспен қамтыған, - деді Бақыт Насырханұлы.

Биыл кәсіпкерлікті дамытуға арналған ұлттық жоба аясында аудандағы 40 отбасыға тиесілі жерлерге жылыжай ұйымдастыру жоспарлануда. Пилоттық жобаның нәтижесінде әр отбасыдан кемінде 2 жан жұмыспен қамтылып, жалпы 80 адамды жұмыспен қамту көзделуде. Қазір бизнес-жоспарлар әзірленіп, ниет білдіруші азаматтардың тізімі жинақталуда.

Өзгелердің жаңалығы