Мақат ауданында 560 орындық эвакопункт дайындалды

10 Мамыр 2024, 17:47
277
Бөлісу:
Мақат ауданында 560 орындық эвакопункт дайындалды
Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Эвакуациялық пункттер мектептерде, спорт кешендерінде және жергілікті колледжде дайындалып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Барлығы 9 эвакопункт Мақат кенті, Доссор поселкесі және Бәйгетөбе ауылында дайындалуда. Қажетті төсек-жабдықтармен қамтамасыз етілген эвакопункттер қатарында М. Баймұханов атындағы мектеп, Х. Санбаев атындағы мектеп, Мақат мұнай-газ технологиялық колледжі, Мақат аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, Доссор балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, Мақат аудандық №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі бар.

Тасқын қауіпі төнген жағдайда бұл эавкопункттерге Махамбет ауданынан тұрғындарды уақытша көшіру жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы