17 ақпанында Ақтау гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде командирдің қызметтік міндеттеріне салғырт қарауы салдарынан сарбаз Р. Жайғалиевтің қаза болуына байланысты қылмыстық істің тергеуі аяқталды.
Тергеу барысында бөлім командирі жеке құрамды бақылауды және қарумен жұмыс істеу тәртібін қамтамасыз ету бойынша жарғылар мен ведомстволық бұйрықтарда көзделген шараларды қабылдамағаны анықталды, бұл түптеп келгенде қайғылы оқиғаға себеп болды. Әскери прокурорлардың үздіксіз қадағалауы және жедел-тергеу тобының үйлестірілген жұмысы барысында қысқа мерзімде жеткілікті дәлелдер жинақталып, қажетті сот сараптамалары жүргізілді, - деп хабарлады Бас әскери прокуратура.
Нәтижесінде қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.
Сонымен қатар, барлау-шабуыл батальонының командирі, оның орынбасары және рота командирі қызметтерінен босатылды, 10 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Әскери қызметшілердің қаза табуына әкеп соққан қылмыстар үшін жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс Бас әскери прокуратура тарапынан жалғастырылады, - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Атыраудағы әскери бөлімде сарбаз қаза тапты.
Тағы оқи отырыңыздар:
Өскемендегі сарбаз өлімі: Прокуратура марқұм мен тағы 6 сарбазға қысым көрсетілгенін анықтады
«Жігіттерді кафеден әскерге күштеп әкетіп жатыр»: Қорғаныс министрлігі жауап берді
Сарбаздарға телефон қолдануға бола ма? Министр бұйрыққа қол қойды