Маңғыстауда жол апатынан жеті түлек зардап шекті. Екеуінің жағдайы өте ауыр

26 Мамыр 2022, 07:52
1446
Бөлісу:
Маңғыстауда жол апатынан жеті түлек зардап шекті. Екеуінің жағдайы өте ауыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25 мамырда Сайөтес ауылы маңындағы тас жолда жол апатынан жеті мектеп түлегі зардап шекті, деп хабарлайды «Лада» басылымы.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жеті адам түрлі дәрежедегі жарақат алған, олардың екеуі ауыр халде.

Апаттан зардап шеккен екеу санитарлық авиация тік ұшағымен облыстық ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы өте ауыр. Бес баланың жағдайы орташа деңгейде. Олар Маңғыстау аудандық ауруханасында жатыр, – деп хабарлады Маңғыстау аудандық ауруханасы директорының орынбасары Орынгүл Мұқанова.

Өзгелердің жаңалығы