Маңғыстауда «Мерейлі отбасы» байқауы өтті

12 Тамыз 2022, 20:11
1555
Бөлісу:
Маңғыстауда «Мерейлі отбасы» байқауы өтті
Фото: автордан

Биыл Маңғыстаудағы «Мерейлі отбасы» байқауының өңірлік кезеңіне аудан, қалалардан 59 отбасыдан өтінім түскен, деп хабарлайды Маңғыстау облысындағы  BAQ.KZ тілшісі. 

Әсіресе көп балалы және жас отбасылар белсенді қатысып, облыстық кезеңге 14 отбасы өткен. Оның ішінде ұстаздар династиясы, өнерлі әулет, кәсіпкерлер және ата кәсіпті ұрпақтан-ұрпаққа мирас еткен отбасылар бар.

Соңғы жылдары облыста бала туу көрсеткіші 31% - ға өсіп, республикада екінші орында тұр. Біздің өңірде 34 мыңнан астам көпбалалы отбасы, 12 мыңнан астам ана "Алтын алқа" және "Күміс алқа"иегерлері, – деді Маңғыстау обылсының әкімі  Нұрлан Ноғаев. 

Облыстық кезеңге өткен 11 отбасыға лауреат атағы берілді.  Ал биылғы жылдың басты жүлдесіне Бейнеу ауданының Себепбаевтар отбасы ие болды. Лесбай Себепбаев пен Күләш Түйешиева 11 бала тәрибелеп өсірген. Лесбай ақсақал өмірден озған. Ал отанасы  Күләш Түйешиева 82 жаста. 11 баладан 41 немере, 46 шөбере тараған. Барлық баласын оқытып-тоқытып бүгінде әр қайсысы өз саласының үздігі  атанған олардың қатарында 16 мұғалім, 13 жеке кәсіпкер, 2 дәрігер, 2 энергетик бар. Себепбаевтар шаңырағындағы ұрпақ саны бүгінде 100- ге жеткен. 

Әке-шешеміздің бізге берген тәрбиесі біздің отбасыда ұлттық құндылықтар дәріптеледі. Ұлттық тәрбие , әке-шешеге деген сыйластық. Бір-бірін сыйлау ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатыр. Әке-шешемізден тараған 11 баланың 11-і де отбасылы. Одан тараған отбасыларда да осы дәстүр жалғасып келе жатыр. Шөберенің үлкені 17 жасқа толды бүгінде, немеренің үлкені 35 жасқа шықты, баланың үлкені 60-та. Сондай үлкен әулетке айналдық, – дейді Бибігүл Себепбай.  

Жеңімпаз отбасылар бағалы сыйлықтармен марапатталып. Енді бірінші орын алған  Себепбаевтар отбасы ұлттық жобаның республикалық кезеңіне облыс атынан қатысады. 

Өзгелердің жаңалығы