Маңғыстауда 24 мың тоннадан астам қысқы шөп қоры жасақталған

19 Қазан 2021, 13:54
4631
Бөлісу:
Маңғыстауда 24 мың тоннадан астам қысқы шөп қоры жасақталған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау ауданының әкімі Тілек Көшмағанбетов мәлім етті. 

Маңғыстау ауданында облыстағы төрт түліктің 42 пайызы тіркелген. Ауданда қысқы мал азығы қорын дайындау ісі қарқынды жүргізіліп жатыр.

Қазір ауданда жасақталған қоймалар мен жеке шаруа қожалықтарында 24 мың 500 тонна шөп жиналған. Меже 35 мың тонна. Яғни, аудандағы төрт түлікті қыстан аман алып шығу үшін әлі 13 мың тонна мал азығы қажет. Бүгінде шөпті аудан әкімдігі белгілеген 7 оператор жинап жатыр. Бұл жұмыстың барлығы «Каспий» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жүргізілуде, - деді әкім.

Спикердің айтуынша, ауданға жем жеткізу ісімен 8 кәсіпкер айналысып отыр. Олардың қоймаларында жем қоры бар. Ал қыстық қорды жасақтау үшін 3 оператор жуырда «Каспий» ӘКК арқылы қаржы алды. Жем қорын жинақтау жұмыстары енді басталады.


Өзгелердің жаңалығы