Маңғыстауда 231 учаске жұмыс істеп жатыр

5 Маусым 2022, 13:22
1308
Бөлісу:
Маңғыстауда 231 учаске жұмыс істеп жатыр
PHOTO
Фото: автордан

Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Маңғыстау облысы бойынша 231 референдум учаскесі қызмет етіп жатыр. 

Онда дауыс беруге тіркелген тұрғындар саны 405 662 болса, оның 148 979-і Ақтау қаласының тұрғыны. 

Ақтау қаласы бойынша 78 учаске бар. оның 8-і жабық учаске. Жабық учаскелер қатарында 5 әскери бөлім, 2 аурухана мен мен 1 тергеу изоляторы.

Маңғыстауда 231 учаске жұмыс істеп жатыр

Елде орын алып жатқан әр оқиға маңызды. Сондықтан бұл жолы да мен бейжай қала алмадық, - дейді Ақтаудағы № 31 учаскеге таңдау жасауға келген ақтаулықтар. 

Маңғыстауда 231 учаске жұмыс істеп жатыр

Біз үшін бұл мереке. Өйткені осы референдумнан күтеріміз көп. Оның алғашқысын зейнеткерлер көріп жатыр. Осындай жаңалықтарды енгізіп Конституцияның 33 бабына өзгеріс енгізіп оның халықтың таңдауына салғаны біз үшін жаңалық болды. Енді осы өзгерістердің орындалуын  күтеміз,  –дейді ақтаулық Бақытжан Сайынова

Саяси науқаннан шет қалмауды ойлаған Рауан Мұхаев отбасымен келіп таңдауын жасады. 

Маңғыстауда 231 учаске жұмыс істеп жатыр

Баламыздың болашағын ойлаймыз. Сондықтан азаматтық борышымызды, міндетімізді орындадық. Конституциялық нормалармен таныспыз, оның бәрі керекті нормалар деп есептейміз дейді ақтаулық, - дейді Рауан Мұхаев.

Дәл осы учаскеге ақтаулықтармен бірге облыс әкімі Нұрлан Ноғаев та келіп таңдауын жасады. 

Маңғыстауда 231 учаске жұмыс істеп жатыр

Алдағы уақытта еліміздің дамуына қоғам мен атқарушы биліктің арасындағы қарым қатынасты жақсартуға үлкен ықпал етеді. Мемлекет басшысы  Тоқаев азаматтық қоғамды дамыту жөнінде берген тапсырмасына орай әр қазақстандық билліктің атқарып отырған ісіне араласуына мүмкіндік береді, - Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев. 

Маңғыстауда 231 учаске жұмыс істеп жатыр

Облыс бойынша 231 учаске болса оның  78-і Ақтауда, 37-сі Жаңаөзенде  ,36-сы  Мұнайлы ауданында , 28 –і Бейнеуде, 14-і Түпқараған, 22-сі Түпқараған аудандарында жұмыс жасап тұр.  Ал ашықтық пен дауыс беру тәртібінің бұзылмауын 651 байқаушы бақылап отыр. Олар партиялық емес байқаушылар ұйымы, Маңғыстау облыстық азаматтық альянсы және аймақтық кәсіподақ орталығынан жіберілген. Қазіргі уақытта заң бұзу дерегі тіркелген жоқ.

Өзгелердің жаңалығы