Маңғыстау тұрғынынан 200-ге жуық киік мүйізі табылды

21 Тамыз 2022, 10:31
1817
Бөлісу:
Маңғыстау тұрғынынан 200-ге жуық киік мүйізі табылды

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында 198 дана киік мүйізін сақтаған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

41 жастағы ер адам мүйіздерді Бейнеу ауданы Ақжігіт ауылында өз үйінің қорасында сақтаған.

18 тамызда Бейнеу аудандық полиция қызметкерлерімен бірге жоспарға сай «Киік» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде бейнеулік тұрғыннан 2 қапқа салынған 198 дана киік мүйізі табылды. Ол мүйіздерді сатып алғанын айтып отыр, – деді «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің директоры Мыңберген Қаратауов.

Аталған факт тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.

Өзгелердің жаңалығы