Маңғыстау облысында қоқиқаздар неден өлгені айтылды

21 Сәуір 2023, 17:18
618
Бөлісу:
Маңғыстау облысында қоқиқаздар неден өлгені айтылды
Фото: скрин

19 сәуір күні Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Сам ауылында қоқиқаздардың өліміне қатысты ақпарат тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына аудандық ветеренария станция қызметкері, Сам ауылының әкімі, Сам ормандар және жануарлар дүниесін қорғау ММ директорының орынбасары барды, аталған аумақтан 4 қоқиқаз өлексесі табылды.

Айта кету керек, Бейнеу ауданының аумағы құстардың маусымдық миграция жолына кіреді. Соңғы уақытта аудан аумағында ауа райының қолайсыз жағдайы тіркелеген – жел жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, шаңды дауыл болған, алдын ала болжам бойынша құстар жоғары кернеулі электр сымдарына соғылып  өлген болуы мүмкін, - делінген хабарламада.

Құстардың өлекселері ветеринария мамандары тарапынан Бейнеу аудандық ветеринарлық лабораторияға тексеруге алынды.

Өзгелердің жаңалығы