Маңғыстау облысында қоғам белсенділері азық-түлік бағасына мониторинг жүргізуде

25 Қаңтар 2022, 17:34
1919
Бөлісу:
Маңғыстау облысында қоғам белсенділері азық-түлік бағасына мониторинг жүргізуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының нарығындағы бағасын тұрақтандыру бойынша бірқатар  нақты тапсырмалар берген болатын. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Осыған орай, Түпқараған ауданының барлық ауылдарында қоғамдық пікір көшбасшылары, қоғамдық бірлестіктер, Түпқараған аудандық "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен "Халық бақылауы" мониторингтік тобы құрылды, - делінген хабарламада. 

Сайын Шапағатов ауылдық округі мен Ақшұқыр ауылынан құрылған арнайы топтың қатысуымен елді мекен аумағында орналасқан сауда орындарында әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік тауарларының бағаларын реттеу бойынша мониторинг жұмыстары жүргізілді. 

Жұмыс барысында, кейбір азық-түлік бағаларына көрсетілген пайыздан үстеме қосылғандығы және өзге де кемшіліктер анықталды.

Мониторинг тобы ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 90-бабы 1 тармағына және Сауда қызметін реттеу туралы ҚР Заңының 8 бабы 7-1 тармағына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларында сауда үстеме мөлшерінің (15%-дан аспайтын) сақталуына қатысты түсінік жұмыстарын жүргізілді.

 

Өзгелердің жаңалығы