Мамырдан бастап "Астана – Петропавл" рейсінің кестесі өзгереді

22 Сәуір 2025, 06:15
454
Бөлісу:
Мамырдан бастап "Астана – Петропавл" рейсінің кестесі өзгереді
Фото: петропавловск.news

Келесі жылдан бастап Петропавл мен Ақтау арасындағы әуе билеті арзандауы мүмкін. Ал, биыл 11 мамырдан бастап Астана мен Петропавл арасындағы ұшақ кестесі өзгереді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметіне сүйенсек, Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Петропавл қаласына барып, әуежайдың жұмысын тексерді.

Әуежай басшылығы "Петропавл-Алматы" бағытын субсидиялау мерзімін одан әрі ұзарту, сондай-ақ келесі жылдан бастап «Петропавл-Ақтау» бағытын субсидиялау мәселесін көтерді. Бұл мәселе Қаржы министрлігімен бірлесе пысықталмақ. «Астана-Петропавл» әуе рейсінің кестесі 2025 жылғы 11 мамырдан бастап өзгереді, - деп хабарлайды комитет.

Яғни, енді жұма және жексенбі күндері Астанадан Петропавл қаласына ұшатын уапқыт 15:30-ға, ал Петропавлдан елордаға ұшатын уақыт 17:00-ге ауысады.

Өзгелердің жаңалығы