Мамырдағы мерекелерде ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?

29 Сәуір 2024, 13:14
336
Бөлісу:
Мамырдағы мерекелерде ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лардың мерекелік күндердегі жұмыс кестесі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лардың мамыр айындағы жұмыс тәртібі өзгереді, себебі, қазақстандықтар бұл айда үш мемлекеттік мерекені атап өтеді. Барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары, соның ішінде мамандандырылған орталықтар 1, 7, 9 мамыр күндері жұмыс істемейді, - делінген "Азаматтарға арналған үкімет" МК хабарламасында.

4 мамырда орталықтар кешкі сағат 18:00-ге дейін, кезекші орталықтар 20:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Ал, 8 мамыр күні тек кезекші ХҚКО-лар мен кезекші мамандандырылған ХҚКО-лар ғана жұмыс істейді. Жұмыс уақыты 13:00-ге дейін жалғасады.

10 мамырдан бастап фронт-офистер әдеттегі жұмыс режиміне оралады: ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін, кезекші болып бекітілген орталықтар жұмыс күндері 9:00 – 20:00 аралығында, сенбі күні 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы