Мамырда қатарынан үш күндік демалыс беріледі

11 Сәуір 2024, 18:50
14648
Бөлісу:
Мамырда қатарынан үш күндік демалыс беріледі
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Ашық НҚА» порталында ведомство басшысының «2024 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы» бұйрығының жобасын дайындап, орналастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, құжат демалыс күнін 4 мамыр сенбіден осы жылғы 8 мамыр сәрсенбіге ауыстыруды көздейді.

Осылайша, мамыр мерекелерінде қазақстандықтар үш күн қатарынан, яғни 7, 8 және 9 мамырда демалады.

2024 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы ұсыныс Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.

Мереке күндері, сондай-ақ демалыс күндері жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында еңбек жөніндегі уәкілетті орган демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «2024 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы» бұйрығының жобасымен https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15013006 сілтемесі бойынша танысуға болады.

Өзгелердің жаңалығы