МӘМС жүйесі қандай нәтиже берді

9 Қазан 2023, 10:45
659
Бөлісу:
МӘМС жүйесі қандай нәтиже берді
Фото: ДСМ

Мәжілісте Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жағдайы мен даму перспективалары жайлы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елімізде МӘМС 2019 жылдан бастап енгізілген болатын осы жылы 20 млн-ға жуық арнайы мамандармен консультация және диагностикалық зерттеулер жүргізілді. Былтыр бұл сан 142 млн-ға дейін өсті.

Яғни дәрігерлік қабылдаулардың, зертханалық талдаулардың және аспаптық диагностиканың қолжетімділігі 7 есеге артты. Балалар 11 млн стоматологиялық қызмет алды, ал ересектерге көрсетілетін қызметтер 50 мыңнан 1,5 млн-ға дейін 30 есеге жуық өсті, - деп айтты Ажар Ғиният Үкімет сағатында.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға дейін Үкіметтің қатысуымен халықтың әлеуметтік осал 8 тобы қымбат тұратын КТ және МРТ-ға қол жеткізе алды.

Былтыр осындай қызметтердің 1,5 млн-ға жуығы жүргізілді, яғни 7 есе өсті. ПЭТ қызметтерінің саны да 13 мыңнан 21 мыңға дейін екі есеге жуық өсті. Жаңа бағдарламаның арқасында «бедеулік» диагнозына тап болған 8 000 жұп ата-ана атану мүмкіндігіне ие болды, - деді министр.

Пациенттерге жүрек-қан тамырлары, неврологиялық, онкологиялық аурулар мен жарақаттар кезінде медициналық оңалту қолжетімді болды.

Өзгелердің жаңалығы