МӘМС-ке төлеген қаржы қайтарыла ма? - министр жауабы

16 Мамыр 2023, 12:24
817
Бөлісу:
МӘМС-ке төлеген қаржы қайтарыла ма? - министр жауабы
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Үкімет кулуарында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният МӘМС-ке кеткен қаржыны қайтару мүмкін емес екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның түсіндіруінше, заң бойынша бізде бұл жүйе әлеуметтік және ынтымақтастық арқылы жасалғаны көрсетілген. Сол себепті заң бойынша қаржы қайтарылмайды.

Егер адам биыл ауырмай, оған 50 мың қайтарылса, яғни орташа жалақыдан 100 мың теңге жиналған жағдайда. Ал келесі жылы оған млн теңгеден астам медициналық көмек керек болуы мүмкін. Сондықтан бұл көмекті бүкілі көрсету үшін қаржы қайтарылмайды, - деп жауап берді Ғиният.

Еске сала кетейік, 15 мамырда Мәжілістің жалпы отырысында депутат Асхат Рахымжанов медициналық ұйымдарға жүгінбеген қазақстандықтарға Міндетті медициналық сақтандыру қорына төленетін төлем жалпы сомасының 50 пайызын өтеуді ұсынған еді. 

Өзгелердің жаңалығы