Мамин «Шереметьево» әуежайындағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты

6 Мамыр 2019, 14:35
2094
Бөлісу:
Мамин «Шереметьево» әуежайындағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевке Мәскеу қаласындағы «Шереметьево» әуежайына ұшақтың апатты қонуы салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан және өзімнің атымнан қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтамын, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетулерін тілеймін», - делінген Үкіметтік жеделхат мәтінінде.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Мәскеудің Шереметьево әуежайында ұшақ өртеніп, оқыс оқиға салдарынан 10 адам қаза болған болатын. Шереметьевода қаза болғандар арасында қазақстандықтардың бар-жоғы анықталып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы