Мамандар еліміздің өндіруші салаларын декарбонизациялау мәселесін талқылады

22 Қазан 2021, 15:10
1670
Бөлісу:
Мамандар еліміздің өндіруші салаларын декарбонизациялау мәселесін талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада «Қазгеология» АҚ Ұлттық геологиялық барлау компаниясының конференц-залында «Қазақстан Республикасының өндіруші салаларын декарбонизациялау» монографиясының тұсаукесері өтіп жатыр. 

Конференцияның мақсаты - Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізу бойынша іс-қимылдарды жеделдету. 

Еліміз атаулы жаһандық процеске атсалысып келеді. 2016 жылы Париж климаттық келісіміне қол қойылып, ратификациялаған еді. 2020 жылғы желтоқсанда БҰҰ-ның климаттық амбицияларының саммитінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді жоспарлап отырғанын мәлім еткен болатын. 

Мәлімделген нәтижелерге қол жеткізу үшін ұлттық экономиканың технологиялық құрылымын түбегейлі қайта құруды, сонымен қатар парниктік газдар шығарындыларын, әсіресе көмірқышқыл газын азайту процесін ілгерілетуі үшін батыл әрі жүйелі шаралар қажеттілігі туындап отыр. 

Жиында сарапқа салынатын монография мақсаты - эмиссиясы төмен жаһандық экономикаға қол жеткізу және энергетикалық ауысу арқылы климаттық бейтараптыққа қол жеткізу.

Өзгелердің жаңалығы