Махамбет ауданына Жалғансай ауылының тұрғындары эвакуациялануда

23 Мамыр 2024, 02:51
291
Бөлісу:
Махамбет ауданына Жалғансай ауылының тұрғындары эвакуациялануда
Фото: скрин

Жалғансай ауылында түн ортасында бұзылған бөгет суынан ауыл тұрғындары эвакуациялануда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Эвакуацияланатын орын ретінде Д.Төленов және Е.Ағелеуов орта мектебі, Нұршуақ және Алтынай балабақшалары белгіленген.

Сағат 01:50-дегі жағдай бойынша 90-ға жуық тұрғын эвакуацияланды. Эвакуация жалғасуда, - деп жазды жедел штаб.

Айта кетейік, жағдайды тұрақтандыру үшін аудан орталығынан қосымша күштер тартылды. Қазіргі уақытта қауіпті жою үшін 15 бірлік техника мен ҚМ жеке құрамының 50 сарбазы жұмылдырылды. Төтенше жағдай орнында облыс әкімі барды.

Өзгелердің жаңалығы