Сұрау жібереміз – СІМ Нью-Йоркте ұсталған қазақстандық қыз туралы

25 Қаңтар 2019, 11:39
3318
Бөлісу:
Сұрау жібереміз – СІМ Нью-Йоркте ұсталған қазақстандық қыз туралы

Астана, BAQ.KZ тілшісі. 24 жастағы Махаббат Әбдуәлиеваны Нью-Йорк полициясы ұстады. Бұл туралы америкалық ақпарат құралдары жазып жатыр.

BAQ.KZ тілшісі ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровқа хабарласып, мән-жайды анықтамақ болды.

«Нью-Йорк пен Астана уақытында 12 сағат айырмашылық болғандықтан, қазір нақты ақпарат бере алмаймын. Нью-Йорктегі өкілдерімізге хабарласамыз. Олар америкалық мамандарға сауал жолдайды. Содан кейін бізге ақпарат береді. Сондықтан АҚШ-тағы дипломаттардан хабар келген соң міндетті түрде мәлімет береміз», - деді Смадияров.

Айта кетсек, CBS NewYork телеарнасының хабарлауынша, 24 қаңтарда полиция қазақстандық Махаббат Әбдуәлиевнаны алаяқтық үшін ұсталғаны туралы жариялаған. Ол өзін мүлік жөніндегі агент ретінде таныстырып, 2018 жылдың сәуір-шілде айлары аралығында бірнеше адамның ақшасын жымқырған. Махаббат Facebook арқылы пәтер туралы жарнама беріп отырған.

БАҚ мәліметтеріне қарағанда, мүлікті жалға берумен байланысты алаяқтықта тағы бір ер адам күдікті болып отыр. Ол әлі бостандықта жүр.

Сұрау жібереміз – СІМ Нью-Йоркте ұсталған қазақстандық қыз туралы

USA.one басылымының хабарлауынша, алғашқы оқиға 2018 жылдың 30 сәуірінде болған. 22 жастағы әйел Әбдуәлиеваның пәтер жалға беру туралы интернет-хабарламасына жауап берген. Ол пәтерді жалға аламын деп 500 доллар алдын ала төлем қалдырған. Сол күні «риелтор» басқа әйелден 200 доллар алып, осы үйді жалға берген.

Бірнеше айдан кейін Мидвудте тағы бір жағдай болады. Онда 25 жастағы зардап шегуші Әбдуәлиеваға 700 доллар тастап кетеді. 

Әлеуметтік желілерде Махаббат Әбдуәлиеваның төлқұжатының фотосы тарап жатыр. Онда ол Қазақстанның азаматы екені жазылған.

Рахиля Бекназарқызы

Өзгелердің жаңалығы