МАЭК-тегі апатқа кінәлілерді комиссия анықтайды

4 Шілде 2023, 13:53
807
Бөлісу:
МАЭК-тегі апатқа кінәлілерді комиссия анықтайды
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев МАЭК-тегі апатқа кінәлілерді арнайы комиссия анықтайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, Атыраудағы МӨЗ мен МАЭК-тегі апатқа қатысты соңғы шешім комиссия жұмысы аяқталған соң жарияланады.

МАЭК-тегі апатқа қатысты олқылықтар ертең кешке дейін жойылады. Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, арнайы комиссия құрылды. Оған мемлекеттік энергоқадағалау органы, Энергетика министрлігі, сала субъектілері кіреді. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша жауапты қызметкерлердің қайсысы жазаға тартылатындығы туралы нақты айтамыз, - деп жауап берді ведомство басшысы Үкімет отырысынан кейін кулуарда тілшілерге берген сұхбатында.

Соымен қатар ол аталған энергия нысаны бойынша жол картасы жасалғанын алға тартты.

Апатқа жабдықтың әбден тозуы себеп болған. Оны жою үшін көп уақыт қажет, - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Өзгелердің жаңалығы