Мадридте Қазақстандық кино күндері өтіп жатыр

19 Қыркүйек 2022, 22:42
941
Бөлісу:
Мадридте Қазақстандық кино күндері өтіп жатыр

Мадридтің тарихи орталығында, Әсем өнерлер орталығы кинотеатрында «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ пен Қазақстанның Испаниядағы елшілігінің қолғабысымен Қазақстандық кино күндерінің ресми ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Испанияның Сыртқы істер, Еуропалық одақ және ынтымақтастық министрлігінің өкілдері, дипломатиялық корпус, қазақтандықтар диаспора, шетелдік киносүйер қауым қатысты.

Көрсетілім басталар алдында сөйлеген сөзінде Қазақстан елшісі Константин Жигалов бұл шара биыл атап өтілетін екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнағанының 30 жылдығына орайластырылғанын хабарлады.  

Қазақстандық дипломат екі ел арасындағы мәдени алмасудың жоғары деңгейін атап өтті. Оның ішінде соңғы жылдары орын алған «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры мен Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің гастрольдік сапары, Заманауи қазақ прозасы мен поэзиясының антологиясының испан тіліндегі тұсаукесері және т.б.

К. Жигалов 2016 жылдаң бері «Қазақфильм» киностудиясы мен Қазақстан елшілігінің қолдауымен Барселонада өтетін жыл сайынғы Азия кинофестивалінде қазақстандық фильмдер тұрақты түрде көрсетіліп келе жатқанына тоқталды.

Әсем өнерлер орталығында режиссер Ернар Нұрғалиевтің «Алға» және режиссер Фархад Шәріповтің «Схема» фильмдерінің еуропалық премьерасы өтіп, оған Ф. Шәріпов және «Алға» фильмінің продюсері Максим Акбаров қатысты.

Мадридтегі қазақ киносының күндері көпшіліктің көңілінен шықты. Бүгіннің өзінде Испанияның орталық газеттерінің бірі – «La Vanguardia» басылымында осы оқиғаға арналған материал жарияланды.

Өзгелердің жаңалығы