Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған электрарбалар шығарылады

24 Желтоқсан 2019, 20:05
1997
Бөлісу:
Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған электрарбалар шығарылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазақстан инжиниринг" ҰК-ның еншілес кәсіпорны "Тыныс" зауыты мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған электр арбаларын шығара бастайды.

Жобаны іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен тиісті меморандумға қол
қойылды. Осы ведомствоның тапсырысы бойынша келесі жылы мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектер үшін 1374 дана арбаларды өндіру жоспарланып отыр.

Арбаның жалпы салмағы 70 кг жетпейді, жүру қашықтығы - 15 шақырым, және 140 кг салмақты көтере алады. Бұл "Тыныс" зауыты
конструкторларының жеке туындысы. Қазіргі уақытта өнімнің алғашқы партиясы партиясы сынақтан өтіп, оған қолданушылар тарапынан оң пікірлер айтылды, - делінген хабарламада.
Зауыттың өндірістік қуаты жылына 2700 дана арба шығаруға жетеді. Инвестиция көлемі 173,3 млн теңгені құрайды.
Қазақстанда өндіруші жоқ болғасын мұндай арбалар бұрын Ресейден. Қытайдан және Еуропа елдерінен әкелінетін. Бұл жоба мүмкіндігі шектеулі адамдардың арнайы қозғалыс құралдарына деген сұраныстарын қанағаттандырудың тиімділігін арттыруға бағытталған, - деді ведомствода.

Сонымен қатар, бұл шығарылатын өнім аясын кеңейтуге және әскери-өнеркәсіптік кешен көлемі бойынша азаматтық өндірістің үлесін көбейтуге септігін тигізетін болады.

"Тыныс" зауытының негізгі өнімдері – авиациялық техникаларға арналған қосалқы бөлшектер мен күштік құрылымдар үшін жеке қорғаныс
құралдары. Сондай-ақ мұнда мұнай-газ және темір жол саласына арналған азматтық өнімдер де шығарылады.


Өзгелердің жаңалығы