Әуезов театры республикалық «Комедия» байқауын жариялады

22 Қазан 2021, 22:49
1788
Бөлісу:
Әуезов театры республикалық «Комедия» байқауын жариялады

Алматы, BAQ.KZ. М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры Республикалық «Комедия» байқауына пьесалар қабылдайды.


Байқаудың мақсаты мен міндеттері - қазақстандық авторларды қолдау, театр репертуарын жаңа туындылармен толықтыру, жаңа көркемдік кеңістіктердің игерілуіне жол ашып, драматургияда жаңа есімдердің пайда болуына және олардың кәсіби өсуіне мүмкіндік тудыру,-делінген хабарламада.

Пьесаларды қабылдау мерзімі – 2022 жылдың 15 наурызына дейін. Бір автордан бірнеше жұмыс қабылдана береді. Дәл осы байқауға бұрын жіберілген пьесалар қайта қарастырылмайды.

Байқау номинациялары:

• Қазіргі заман кейіпкері
• Инсценировка

Екі номинация бойынша екі автор жеңімпаз деп танылып, шығармалары театр репертуарына қабылданады.
Конкурсқа төрелік ететін әділқазылар алқасы Әдеби-драма бөлімінің қызметкерлері мен театр режиссерлерінен тұрады.
Театрдың пьесаны сахналау барысында редакциялау, өзгеріске ұшырату (автор келісімімен) құқығы бар.


Өзгелердің жаңалығы