Ұлыбританияда ұшқыштар шеруге шықты

10 Қыркүйек 2019, 08:08
1535
Бөлісу:
Ұлыбританияда ұшқыштар шеруге шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбританияда 1700-ге жуық әуе рейсі кейінге шегерілді, деп хабарлады 24.kz.

Бұған жергілікті British Airways компаниясы ұшқыштарының шеруге шығуы себеп болды. Жалпы саны 4 мыңнан асатын шеруші жалақының артуы мен жұмыс жағдайының жақсаруын талап етіп жатыр. Өз кезегінде компания басшылығы наразы қызметкерлермен келіссөздер жүргізуге дайын екендігін айтуда. Жоспар бойынша шеру екі күнге жалғасады. Бірақ, соның кесірінен 300 мыңдай жолаушы діттеген жеріне жете алмай, жолдан қалды. Ал British Airway 80 миллион доллар көлемінде шығынға ұшырайды.



Өзгелердің жаңалығы