Ұлттық кеңестің жұмыс кездесуі өтті

22 Шілде 2020, 22:40
1066
Бөлісу:
Ұлттық кеңестің жұмыс кездесуі өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ерлан Қариннің бастамасымен Ұлттық кеңес мүшелерінің Денсаулық сақтау министрі Алекцей Цой мен кезекті жұмыс кездесуі өтті, деп жазды кеңес мүшесі Асхат Садырбай.

Жаңа министр жұмысының қауырттығына, уақытының тығыздығына қарамастан бізге арнайы уақыт бөліп, кеңес мүшелерінің сұрақтарына жауап беріп, бүгінгі таңда атқарылып жатқан және алдағы уақытқа жоспарланып отырған жаңалықтарымен бөлісті, - деді ол.
Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда мемлекеттік және жекеменшік қаражатқа 17 мыңнан астам оттегі аппараттары сатып алынуда. Олардың барлығы еліміздің ауруханаларына жөнеледі, жөнелуде.

- Медициналық маска тігу жұмысы күшейтілген.

- Ауруханалар мен емханалардағы дәрі жетіспеушілігі проблемасы да шетінен шешілуде.

- Денсаулық сақтау министрлігі дәріханалардағы дәрі тапшылығы проблемасымен күресуде де аянбай еңбек етуде.

- Жылжымалы диагностика, УЗИ, рентген аппараттары орнатылған мобильді 100 автобус әзірленуде. Бұлар ең бірінші кезекте аймақтарға жөнелтілмек.

Сондай-ақ жылжымалы мобильді амбулаториялар да дайындалуда.

Күз келе жатыр. Елдің жағдайына, министрліктің дайындығына бәріміз алаңдаулымыз. Уақыт көрсетеді енді. Вируспен күрестің қиындығы, оны жеңу жолында әр адамның рөлі өте маңызды екенін министр де, біз де жақсы түсініп тарқастық, - дейді Асхат Садырбай.

Министрліктің біраз қызметкері де науқастанып қалыпты. Жұмыс оңай емес. Жаңа министрге және оның командасына сәттілік тілейміз. Сіздерге артылып отырған үміт пен жауапкершілік өте үлкен.

Өзгелердің жаңалығы