Лондондық дәрігерлер облыс тұрғындарын қабылдап, кеңес береді

15 Сәуір 2019, 21:55
1770
Бөлісу:
Лондондық дәрігерлер облыс тұрғындарын қабылдап, кеңес береді
Фото: автордан

Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. АҚШ пен Лондоннан арнайы келген дәрігерлер Түркістан облысының халқына тегін медициналық қызмет көрсетеді. Шетелдік дәрігерлердің ішінде Лондоннан арнайы келген профессор Сурендра Кумар бар. Бұл туралы Түркістан қаласында өткен Халықаралық медициналық конференцияда белгілі болды.

Түркістан қаласында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың қатысуымен Халықаралық медициналық конференция өтуде. Ауқымды шара барысында АҚШ пен Лондоннан арнайы келген дәрігерлер облыс халқына тегін қабылдау жүргізеді.

Атап айтқанда, шетелдік білікті дәрігерлер Түркістан қалалық орталық ауруханасында, 3-ші Перинаталды орталықта, Түркістан облыстық балалар ауруханасына барып, науқастармен кездесіп, кеңес береді.

АҚШ, Ұлыбритания, Ресей мен Қазақстан елінен келген мамандар «Жаңа заманның үздік медицина моделі» бойынша жиын өткізді.Қайырымдылық шарасына профессор, тәжірибелі дәрігер Доктор Сурендра Кумар қатысуда. Ол Лондондағы жалпы қолжетімді Корольдік клиникалық аурухананың офтальмологы. Үндістанда, Пәкістанда, Ауғанстанда, Шри-Ланка, Ресейде, Босния, Замбияда, Кенияда және Оңтүстік Америка елдерінде халықаралық медициналық волонтерлік лагерьлердің ұйымдастырушысы және жетекшісі. 

Лондондық дәрігерлер облыс тұрғындарын қабылдап, кеңес береді

Доктор НикхилаПандия (Ұлыбритания) – неврология және онкологияға маманданған бас педиатр, Ұлыбританияның мемлекеттік денсаулық сақтау қызметінде кеңесші, EuropeanPaediatricLifesupport курсының директоры. Халықаралық медициналық волонтерлік лагерьлердің қатысушысы.

Доктор Ума Гордон (Ұлыбритания). Ума Гордон – гинеколог-кеңесші. Бристоль университеті клиникасының аға оқытушысы және бедеулікпен ауыратын науқастарға арналған Бристоль клиникасының клиникалық директоры. Британдық жасанды ұрықтандыру қоғамының өкілі.

Доктор Хари Конживирам (АҚШ) - Мичиган университетінің Гастроэнтерология бөлімінде, Ішкі медицина бөлімінде медицина профессоры, Анн-Арбор, АҚШ, тәжірибелі гастроэнтеролог жәнегепатолог. Д-р Кондживарам медик-студенттер, GI резиденттері мен стипендиаттарының жаһандық білім алуына белсене қатысады.  2017 жылы Д-р Кондживарамбілім беру саласындағы жан-жақты жетістіктері үшін марапатқа ие болды және американдық гастроэнтерологиялық қауымдастықтың "білім беру саласындағы үздік еңбегі үшін" марапатына ие болған.


Өзгелердің жаңалығы