Ливанда халық жарықсыз отыр

10 Қазан 2021, 12:09
2380
Бөлісу:
Ливанда халық жарықсыз отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ливанда жанармай тапшылығынан елдегі екі ірі электр станциясы жұмысын тоқтатты. 

Салдарынан жергілікті халық жарықсыз қалды. Енді аймақтағы  электр энергетикалық компания қорғаныс министрлігінің қорындағы жанармайды пайдаланып, электрстансаларды іске қоспақ.

Жергілікті биліктің мәліметінше,  бұл мәселе тез арада шешіле қоймайды. 

Сарапшылар халық әлі бірнеше күн жарықсыз отыруы мүмкін деп пайымдап отыр. Экономикалық әл-ауқаты онсыз да әлсіз елдің жағдайын коронавирус пандемиясы одан бетер нашарлатқан.

Өзгелердің жаңалығы