Литваның солтүстігіндегі Пасвальск ауданында магистральды газ құбыры желісінде жарылыс болып, арты өртке ұласты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға орнына 6 өрт сөндіру звеносы тартылды. Полиция да жарылыс алған аумақты қоршауға алды. Жедел штаб құрылды.
Өрт оқшауланды, газ беру тоқтатылды. Өрттің беті қайтты, ол бірте-бірте сөнуі керек, - деді Литваның өртке қарсы және құтқару департаментінің өкілі.
Сонымен қатар, жарылыс орнынан шамамен 500 метр қашықтықта орналасқан Валакелай ауылының 250-ге жуық тұрғынын эвакуациялау кейінге қалдырылды. Алайда онда автобустар жіберіліп қойды.
Сондай-ақ, адамдарды қабылдау үшін екі мектеп дайындалғаны хабарланады. Пасвалис тұрғындарына терезелерді жауып, сыртқа шықпауға кеңес берілді.