Қызымен татуласпақ болған жігіт көлігін ұрлап кеткен

25 Ақпан 2021, 21:06
2533
Бөлісу:
Қызымен татуласпақ болған жігіт көлігін ұрлап кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында жергілікті тұрғын өз танысының ауласынан көлігін заңсыз айдап әкеткен. 

Полиция қызметкерлері құны 7 млн теңге тұратын Volkswagen Polo автокөлігін ұрлау дерегін ашты. 

Бұл туралы Polisia.kz сайтында хабарланды.

Петропавл қаласының ПБ Бірінші полиция бөліміне үйінің ауласынан жұмыстан қызметтік көлік ретінде берілген машинасының қолды болғаны туралы жас қыз хабарласқан. 

2020 жылы шығарылған автокөліктің жоғалғанын көрген қыз дереу полицияға жүгінген. 

Полицейлер тәулік бойы ұрланған көлікті іздеумен айналысты. 

Тәртіп сақшылары оны Жұмысшы кентінің көшелерінің бірінен тапқан. 

Табылған сәтте Volkswagen құлыптаулы болған. 

Жедел уәкілдердің назарына біреуі жәбірленушінің танысы болып табылатын екі жігіт іліккен.  

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Петропавл қаласының тұрғыны ұсталды. Ол еркін қол жеткізу арқылы көлікті айдап әкеткен. Қазір Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ аталған азаматтың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде, – деп атап өтті Петропавл қаласының ПБ Бірінші полиция бөлімінің жедел уәкілі Əділет Жеңісов. 

Бұрын сотты болған 35 жастағы күдікті ешқандай түсініктеме берген жоқ. Ал оның серігі бөтен біреудің көлігін досының өтініші бойынша ұрлап кеткенін айтты.

Ол танысы өзіне хабарласады деп ойлады. Машинаны тауып алған сияқты онымен татуласамын деген ойда болды, – деді күдіктінің серігі. 

Күдіктілердің біріне қатысты келу туралы міндеттеме бұлтартпау шарасы қолданылды. Ал бұрын сотты болған азамат қамауға алынды. Оның жыл басында теміржол мекемелерінің бірінде орын алған металл ұрлығына қатысы бар екені анықталды.

Өзгелердің жаңалығы