Қытай АҚШ-тың Ресейге қарсы біржақты санкцияларын айыптады

16 Сәуір 2021, 16:42
1517
Бөлісу:
Қытай АҚШ-тың Ресейге қарсы біржақты санкцияларын айыптады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай АҚШ-тың Ресейге қарсы біржақты санкцияларын айыптайды. Бұл туралы ҚХР СІМ өкілі Чжао Лицян мәлімдеді, деп хабарлады ТАСС.

АҚШ-тың Ресейге қарсы жаңа санкциялары - гегемонның біржақты шаралары, оған бүкіл әлемдік қауымдастық қарсы, - деді ведомствода.

Сонымен қатар Бейжіңде Вашингтон мен Мәскеу қайшылықтарды диалог арқылы шеше алады деген үміт білдірді.

15 сәуірде АҚШ президенті Джо Байден Ресейге жаңа санкциялар енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Шектеулер жеке және заңды тұлғаларға әсер етті. Оларды енгізудің себептері арасында Ресейдің киберсаладағы дұшпандық белсенділігі мен АҚШ-тағы немесе басқа шет елдердегі сайлауға араласу мүмкіндігі көрсетілген.

Кейінірек Ақ үйде АҚШ-тың 2 сәуірде «Солтүстік ағын-15» газ құбырына қарсы жаңа санкциялар енгізбегені олардың бұдан былай болмайды дегенді білдірмейтіні хабарланды. 

Сонымен қатар америкалық көшбасшының өкілі Джен Псаки «Солтүстік ағын-2» қарсы жаңа санкциялар келісілген бе, жоқ па деген сауалға түсінік беруден бас тартты.

Өзгелердің жаңалығы