Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі елімізде коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 9 қыркүйектегі ақпаратты жария етті.
9 қыркүйектегі мәлімет бойынша 84 262 адам коронавирус инфекциясынан (76 339 КВИ+ және 7 923 КВИ-) емделуде, олардың ішінде
- 17 749 пациент стационарда,
- 66 513 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 1 390 адамның жағдайы ауыр,
- 346 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 197 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр,
- 86 науқас қайтыс болды.