Құс фабрикасы, суармалы егістік, мал бордақылау: Агроөнеркәсіпті дамытатын 42 жоба іске асырылады

25 Мамыр 2021, 10:23
5681
Бөлісу:
Құс фабрикасы, суармалы егістік, мал бордақылау: Агроөнеркәсіпті дамытатын 42 жоба іске асырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметтің отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов айтты.

Сонымен қатар Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағыты бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі және «Бәйтерек» Холдингі бірлесіп, соңғы қарыз алушы үшін 6%-ға дейінгі мөлшерлемемен 100 млрд теңге сомасына 42 инвестициялық жобаны іске асырады.

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағыты бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігімен және «Бәйтерек» Холдингімен бірлесіп жалпы құны 100 млрд теңгені құрайтын 42 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Құс фабрикасы, өсімдіктерді қайта өңдеу, мал бордақылау, суармалы егістікті дамыту, көкөністер мен жемістерді сақтау, балық шаруашылығы мен жылыжайлар сияқты жобалар қамтылған. Соңғы қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесі субсидиялау арқылы 6 пайыздан аспайды, - дейді министр.

Айтуынша, нәтижесінде 2 000 уақытша және 3 800 тұрақты жұмыс орындары құрылады.

Бизнесті дамыту шеңберінде өңірлерде бизнес субъектілеріне жеңілдетілген шарттармен кредиттер және қарыз беру, жарғылық капиталға инвестициялау, қаржылай емес қолдау көрсету есебінен шамамен 6 мың жұмыс орны құрылады, - деп түсіндірді Шәпкенов.

Сонымен қатар министр осы жылы Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде 35,6 мың жұмыс орындары, оның ішінде 55%-дан астам тұрақты жұмыс орындары құрылатынан жеткізді.

Отбасы мүшелерін есептесек шамамен 80 мың адам тұрақты табыспен қамтылады. Әлеуметтік активтер құру арқылы әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарады. Нарықты жаңа өндірістерді құру арқылы отандық азық-түлік тауарларымен толтыру, сонымен бірге жалпы ішкі өнім құрылымында шағын және орта бизнестің үлесін арттыруға қол жеткізілу көзделген, - деп баяндады ол.
Өзгелердің жаңалығы