Күршімдегі шөпке шапқан қызыл жалын толығымен сөндірілді

8 Шілде 2023, 14:03
754
Бөлісу:
Күршімдегі шөпке шапқан қызыл жалын толығымен сөндірілді
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

2023 жылғы 8 шілдеде сағат 11:00-де Күршім ауданының Құйған ауылдық округінде 20 га аумақта таулы жерлерде өртенген шөп толығымен сөндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт таулы жерде болғандықтан, қызметкерлер өртті жаяу жүріп сөндіруге мәжбүр болған.

Өрттің орын алуы қол жетпейтін қиын аймақта болғандықтан, оны сөндіру үшін жаяу жүруге тура келді. Сол себепті өрт сөндіру жұмыстарын қиындатты. Өрттің тарап кетпеуі үшін әр өсіп кеткен соқпақтардан өтіп, жердің әр бөлігін қарап бақылап отырды. Өртті сөндіруге жергілікті атқарушы органдардың, ШҚО ТЖД, Үлкен Нарын және Күршім орман шаруашылықтарынан 100-ден астам адам мен 15 бірлік техника жұмылдырылды, - делінген ШҚО ТЖД баспасөз хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы