Күршімдегі паромның жұмысы ұзартылды

28 Желтоқсан 2021, 18:35
1353
Бөлісу:
Күршімдегі паромның жұмысы ұзартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күршім ауданы әкімінің өтініші бойынша, паром жұмысы 30 желтоқсанға дейін жалғасады, деп хабарлады Altaynews.

Бұған дейін ШҚО Жолаушы көлігі мен автомобиль жолдары 26 желтоқсаннан бастап «Қызыл ту» өткеліндегі «Ертіс» и «Күршім» паромдарының навигациялық мерзімі аяқталатыны жайлы ақпарат таратқан болатын. Оған себеп – суқоймада мұз қатып, қалыңдығы 15 сантиметрден асып кеткен.

ТҮКШ бөлімінің басшысы Мақсат Акрамовтың мәліметі бойынша, аудан әкімінің өтінішімен паром жұмысы тағы үш күнге ұзартылып отыр. Өткелде 1 паром сағат 07.00-ден 19.00-ге дейінгі аралықа жұмыс істейді.

 

Өзгелердің жаңалығы