Күршім ауданының таулы жерінде шөп өртенді

6 Шілде 2023, 23:18
1142
Бөлісу:
Күршім ауданының таулы жерінде шөп өртенді
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Күршім ауданының Құйған ауылдық округінде шамамен 6 га алаңда таулы жерлерде шөп өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Таулы аймақ пен қатты желдің екпіні салдарынан өрт бірден үлкен аумаққа тарады.

Өрт жетуі қиын жерде орын алғандықтан, жаяу жұмыс істеуге тура келеді. Өртті сөндіруге Үлкен Нарын және Күршім орман шаруашылықтарынан, ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінен 23 адам мен 5 бірлік техника жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта «Қазгидромет» ақпараты бойынша өрт орнындағы жел екпіні секундына 3 метрді құрайды.

Өзгелердің жаңалығы