Курсанттар ардагер аналарды құттықтады

6 Наурыз 2020, 17:17
1681
Бөлісу:
Курсанттар ардагер аналарды құттықтады

Алматы, BAQ.KZ. Әйелдердің халықаралық мейрамы және Жеңіс күні мерекелері қарсаңында Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары Алматы қаласындағы №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығын паналаған Ұлы Отан соғысына қатысқан әйелдерді құттықтады.

Ел басына күн туған шақта патриотизмнің үздік үлгісін көрсете білген асыл жандарға алғысымызды жеткіземі. Бүгінгі бейбіт күніміз сол кісілердің арқасы. Өзіміздің ыстық ықыласымызды, алғысымызды, құрметімізді жеткізу үшін Отан соғысынщда ерлік көрсеткен ардақты апаларымызды құттықтауға келдік, - дейді 4 курс курсанты Абылай Мұстабеков.

WhatsApp Image 2020-03-06 at 16.09.31.jpeg

Аталған орталықта тұратын Ұлы Отан соғысына қатысқан Валентина Смирнова мен Марина Целуева, болашақ офицерлерге соғыс жылдарында бастан кешкендерін әңгімелеп берді, көрсеткен ықыластары үшін болашақ офицерлерге ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді. 

Соғыс басталған жылы Валентина Смирнова небары 18 жаста медициналық институттың 2 курс студенті еді. Өзге студенттер сияқты әскери қатарына алынып, соғысқа аттандырылды. Майдан даласында байланысшы болған. 

Сұм соғыстың ызғарлы жылдарында бәрін де бастан кештік: суықты да, аштықты да, өлімді де көрдік, соның барлығы мына тәтті өмірдің бір сәті үшін еді, - деп көз жасына ерік берді ардагер.

Жеңісті Тынық мұхитында Қиыршығыс майданында Жапонияға қарсы соғыс жүріп жатқанда қарсы алған. Сол соғысқа қатысқаны үшін "Кореяны азат еткені үшін" медалімен марапатталған. Валентина Смирнова Тынық мұхиты флотында әскери қызметін өткеріп жүрген жерінен 1946 жылдың ақпанында ғана елге қайтарылған. Теңіз флотын офицер мамандармен жасақтаумен айналысқандықтан жеңіс жарияланғаннан кейін де 9 ай әскери міндетін өткеруге тура келген. 

WhatsApp Image 2020-03-06 at 16.09.30.jpeg

Соғыстан кейінгі жылдары Валентина Петровна Мәскеу инженерлік-құрылыс институтына түскен. Ал 1958 жылы Қазақстанға көшіп келіп, құрылыс саласында еңбек еткен. Бүгінде жасы 98-ге келгеніне қарамастан қария өзін жақсы сезінеді, ойы да, сөзі де анық.

Ардагер Мария Целуева соғыс кезінде тыңшылық қызметте болған, Су-10 жойғыш ұшағымен ұшқан. Украинаны азат ету соғысына қатысқан, 100-ден аса мәрте парашютпен секіріп, өзгелерді де баулыған. Соғысты Батыс Укринада аяқтаған.

Өзгелердің жаңалығы