Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Күрделі өнім аз, шикізат көп": Бектенов дабыл қақты

5 Мамыр 2025, 12:11
3066
Бөлісу:
 Үкіметтің баспасөз қызметі
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Қазақстанда күрделі өнім шығару көлемі әлі де төмен. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Шикізатты терең өңдеу бағытында саланың әлеуеті толық пайдаланылмай отыр. Күрделі өнім шығару көлемі әлі де төмен. Шикізат ресурстары мен мұнай бағасы құбылып тұрған қазіргі жағдайда өңдеу көлемін ұлғайтып, дайын өніммен сыртқы нарықтарға шығу керек. Бұл экономиканың қуатын арттырып, сапалы жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді, – дейді Олжас Абайұлы.

Оның сөзінше,бүгінде химия өндірісіне арналған шикізаттың шамамен 45%-ы терең өңделмей, бірден экспортқа шығарылады.

Еліміз жыл сайын 800 мың тоннаға жуық фосфорит шикізатын экспорттайды. Өнеркәсіп министрлігі шикізатты қайта өңдеу бойынша жоғары технологиялық жаңа жобаларға жеке инвестиция тарту үшін жағдай жасауы қажет. Екіншіден, стратегиялық инвесторларды тарту көбіне инвестициялық ахуалдың сапасына және осы салалардағы даму жағдайларына байланысты, – деді Бектенов.

Өзгелердің жаңалығы