Мәскеу маңынан жылжыған циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар еліміздің бүкіл аумағында тұрақсыз ауа райын қалыптастырады.
«Қазгидромет» РМК нақтылағандай, бірқатар өңірде жаңбыр жауады.
23 сәуірде республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жауады. Күндіз күн күркіреп, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі, – делінген синоптиктердің хабарламасында.
Сонымен қатар, ауа температурасының төмендеуі болжануда:
-
Батыста: күндіз 7-17° жылы;
-
Солтүстікте: 13-20° жылы;
-
Орталықта: 15-23° жылы;
-
Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста: 15-20° градус жылы болады.
Еске салайық, бұған дейін синоптиктер мамыр айындағы ауа райын болжады.