Алматы халықаралық әуежайында есірткі тасымалдамақ болған 23 жастағы әйел ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Бангкок – Алматы бағытындағы рейспен келген жолаушыны есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері ұстаған. Оның жүгін тексеру барысында полицейлер 8,879 келі гашиш майын анықтаған.
Тергеу барысында әйелдің ақшалай сыйақы үшін есірткі заттарын мемлекеттік шекара арқылы заңсыз тасымалдауға, сондай-ақ оларды аса ірі мөлшерде сақтау және кейін өткізу мақсатында жөнелтуге келіскені белгілі болды.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соты айыпталушыны кінәлі деп танып, оған 16 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Айта кетейік, Ақсуда "жүктімін" деген әйел 20 тәулікке қамалды. Прокуратураның араласуынан кейін мас күйде жол апатын жасаған ол жазаланды.
Сондай-ақ, Алматыда шетелдік жүргізушіні ойыншық тапаншамен қорқытқан жолаушы ұсталды.
Тағы оқи отырыңыз: "Анама тіл тигізді": Бір сәттік ашу ер адамды 60 жасқа таяғанда сотталушылар қатарына қосты