Алматыда шетелдік жүргізушіні ойыншық тапаншамен қорқытқан жолаушы ұсталды

Жетісу ауданында патрульдік полиция қызметкерлері құқыққа қайшы әрекеттің жолын кесті.

Бүгiн 2026, 16:37
АВТОР
 видеодан скриншот Бүгiн 2026, 16:37
Бүгiн 2026, 16:37
150
Фото: видеодан скриншот

Алматыда полиция қызметкерлері шетелдік жүргізушіні қорқытқан жолаушыны ұстады.

Қызмет барысында Солтүстік айналма жолында полиция экипажына «Kia» маркалы автокөлік келіп тоқтаған. Көлік тізгінінде отырған шетел азаматы көліктен шығып, тәртіп сақшыларынан көмек сұраған.

Анықталғандай, көліктің артқы орындығында отырған жолаушы тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, жүргізушіден Алматы облысындағы елді мекендердің біріне апаруды талап еткен.

Полиция қызметкерлері дереу әрекет етіп, автокөлікті қоршауға алып, күдіктіні ұстады. Тексеру барысында оның қолындағы заттың ойыншық тапанша екені белгілі болды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Айта кетерлігі, күдіктіні ұстау кезінде жол-көлік оқиғасы тіркелді. Өтіп бара жатқан көліктердің бірінің жүргізушісі оқиғаға алаңдап, назарын жолдан аударып алып, такси көлігімен соқтығысқан. Полиция азаматтарды кез келген жағдайда жолдағы қауіпсіздік талаптарын сақтауға, мұқият болып, жол қозғалысы ережелерін қатаң ұстануға шақырады, - деп хабарлады Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Әл-Фарабидегі жантүршігерлік апатқа қатысты ІІМ татуласу жауапкершіліктен босатпайтынын мәлімдеді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty_police_department)

Наверх